USD
USD
USD

Қазақстандық садақшылар Азия кубогында жеңіске жетті

Қазақстандық садақшылар Азия кубогының кезекті кезеңінде жоғары нәтижеге қол жеткізіп, алтын медаль жеңіп алды.

Азия кубогы
Фото: Фото: «ҚР Садақ ату, арбалет және дартс федерациясы» РҚБ

Алматы, NEGE. Сонымен қатар ұлттық құраманың бірнеше мүшесі жүлдегерлер қатарына енді. Бұл-еліміздің садақ ату спорты саласындағы жүйелі жұмыстың, спортшылар мен жаттықтырушылардың тынымсыз еңбегінің жемісі. 

Садақ ату – халқымыздың тарихи және рухани мұрасы. Ата-бабаларымыз үшін садақ – ерлік пен намыстың, тәртіп пен дәлдіктің нышаны болған. Бүгінгі жеңіс – ұлттың тарихи жадымен тікелей сабақтас, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан рухтың көрінісі.

Сондай-ақ, осы салаға ерекше назар аударып келе жатқан Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрінің марапатталуын Федерация еліміздің спорт саласына көрсетілген жоғары сенім мен қолдаудың белгісі деп бағалайды.

Қазақстан Республикасының Садақ ату федерациясы барлық жеңімпаздарды, жүлдегерлерді, жаттықтырушылар мен команданың барлық мүшелерін шын жүректен құттықтайды. Бұл - ұлттық рух пен бірліктің жеңісі.

Қазір оқып жатыр

Астанада Павлодар облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр

.

Бес күн де шыдамады: Ақ үйдің жаңа баспасөз хатшысы қызметінен кетпек

Трамп

«Министрдің құпиясына хатшысы арқылы қол жеткізу оңай»: Олжас Сәтиев кибертыңшылық туралы

Decaf

«Яндекс» Қазақстанды екінші орынға ысырып қойды ма?

.