USD
USD
USD

Қазақстандық өнерпаздар «Цирк ханшайымы – 2025» халықаралық фестивалінде бас жүлдені жеңіп алды

Қазақстандық цирк артистері Жасмина Алшынбаева мен Авелина Гузей Ресейдің Саратов қаласында өткен XI Халықаралық цирк өнері фестивалі – «Цирк ханшайымы – 2025»-те ең жоғары марапат – Алтын тәжге ие болды.

Цирк ханшайымы
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. 2005 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан бұл айтулы фестиваль әлемнің түкпір-түкпірінен цирк өнерінің дамуына үлес қосқан әйел қауымының басын қосады. Биылғы байқауда Саратов мемлекеттік циркінің аренасында Мексика, АҚШ, Қытай, Қазақстан секілді 13 елден келген өнерпаздар өнер көрсетті.

Жасмина мен Авелина қоюшы-режиссер Зарина Тапалованың жетекшілігімен «сақинада жұптаса өнер көрсету» жанрында қойылған «Әуе сферасы» атты жаңа нөмірін ұсынды. Бұл айтулы жеңіс Қазақстан цирк өнерінің әлемдік деңгейдегі кәсіби шеберлігі мен шығармашылық әлеуетіне айқын дәлел.

Қазір оқып жатыр

«Өзекті мәселелерді талқылады»: Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев, Путин

Ақтөбе облысында екі жүзге жуық адам уланып қалған мейрамхана заңсыз жұмыс істеген

мейрамхана

Елордадағы LRT-ға Tarlan Astana атауы берілді

ЛРТ

Алматыда такси жүргізушісі шетелдіктерді әуежайдан орталыққа дейін 72 мың теңгеге апарған

Такси