2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Қазақстандық оқушылар робототехникадан үш дүркін әлем чемпионы атанды

Грекияда робототехникадан ең ірі чемпионат FIRST Global Challenge өз мәресіне жетті.

Білім
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Қазақстандық оқушылар бірнеше бағыт бойынша көш бастап қана қоймай, 190 елдің арасынан басты жүлдені жеңіп алып, рекордтық нәтижеге қол жеткізді.

Осылайша Қазақстан құрамасы үшінші жыл қатарынан өзінің чемпиондық титулын дәлелдеп келеді. Біздің команданың құрамына Алматы қаласының ФМБ НЗМ-нің оқушылары: Ердәулет Түргенбаев, Әлфия Байжақып, Нұржан Көкеев, Досжан Дайран және Қадылбек Дастан енді. Жаттықтырушылары - Нұрдәулет Досмағамбет пен Дулат Байтуленов.

Grand Challenge Award номинациясы бойынша алтын медаль мен ойындардағы рекордтық ұпай санынан басқа, қазақстандық құраманың жүлде қоры жоғарғы төрешілер номинациясында екі күміс медальмен толықты: А.Эйнштейн атындағы FIRST Global International Excellence және үздік инженерлік әзірлемелер үшін Robots Skills Challenge. Бұдан басқа Әл-Хорезми атындағы Outstanding Supporter номрнациясында күміс медальмен отандық USTEM FOUNDATION жас инженерлерге көрсеткен қолдауы үшін марапатталды.

«Біз жарыста топ жарып, еліміздің жүлде қоржынын алтын медальмен толықтырдық және рекордқа қол жеткіздік. Әлемнің бірде бір елі екі дүркін чемпион бола алмады, ал біздің балаларымыз үшінші жыл қатарынан жеңіс тұғырынан көрінді. Айта кету керек, команда құрамы осы жылдарда қайталанған емес, еліміздің намысын қорғауға әр жарысқа үнемі жаңа ойыншы аттанып отырады, олар сайыстың ұлттық кезеңінде іріктеледі», - дейді қордың негізін қалаушы және құраманың жаттықтырушысы Асылбек Мұрзахметов.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан 2022 жылы Женевада, 2023 жылы Сингапурде жеңіске жеткен болатын. Ұлттық құрама Оқу-ағарту министрлігінің, «Дарын» РҒПО-ның, Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өткен робототехникадан іріктеу кезеңдерінде құрылды.

FIRST Global Challenge – бұл олимпиада үлгісіндегі робототехникадан бүкіләлемдік чемпионат. Ол жыл сайын түрлі елде өткізіліп отырады. Бұл беделді инженерлік додадағы қазақстандық оқушылардың үшінші жеңісі.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда қаза тапқан әскерилердің отбасыларына жиналған қаражатты арнайы комиссия бөледі

Бозымбаев

«Жауапкершіліктен жалтармаймыз»: Қорғаныс министрі Каспийдегі трагедиядан кейін алғаш рет мәлімдеме жасады

Қорғаныс министрі

Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына кім және қандай көмек көрсетпек?

Қаза тапқан әскерилер

Рөлі істен шығуы мүмкін: Volkswagen мен Audi-дің 900 мыңға жуық көлігі кері шақырылды

Көліктер