USD
USD
USD

Қазақстандық оқушылар APhO физикадан Азия олимпиадасында жеті марапат жеңіп алды

Малайзияның Кампар қаласында физикадан Азия олимпиадасы өз мәресіне жетті.

Білім
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Онда әлемнің 27 елінен 212 оқушы бақ сынасты.

Қазақстан құрамасы бір күміс, алты қола медальға және бір мақтау грамотасына ие болды.

Жеңімпаздар:

Күміс медаль – Маргулан Нурсагатов, Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 11 сынып оқушысы;

Қола медаль – Ілияс Қазымбек, Астана қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 11 сынып оқушысы;

Қола медаль – Досжан Бисимби, Алматы қаласының «Мирас» халықаралық мектебінің 12 сынып оқушысы;

Қола медаль – Бекасыл Елубай, Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушысы;

Қола медаль – Артур Ким, Ақтөбе облыстық дарынды жасөспірімдерге арнаған мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы;

Қола медаль – Амир Пшенбаев, Астана қаласының дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы;

Грамота – Нұрасыл Барлыбаев, Атырау облыстық №1 «Білім-инновация» лицей-интернатының 10 сынып оқушысы.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық