USD
USD
USD

Қазақстандық оқушы Азия-Тынық мұхиты аймағының ең мықты лингвисі атанды

Азия-Тынық мұхиты лингвистикалық олимпиадасы — APLO-2025 өз мәресіне жетті.

 Рамазан Бутантаев
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Қытай, Австралия, Гонконг, Жапония, Малайзия, Иран, Корея, Сингапур, Таиланд сияқты АТА елдерінің дарынды оқушыларын біріктірген беделді зияткерлік жарысқа биыл 500-ге жуық оқушы қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша Маңғыстау облысындағы IT-лицейдің оқушысы Рамазан Бутантаев жоғары нәтиже көрсетіп, олимпиаданың абсолютті жеңімпазы атанды. Ол аймақтың ең мықты қатысушыларын басып озып, алтын медаль иеленді.

Жалпы, Қазақстан құрамасы лингвистикалық олимпиада тарихындағы ең үздік нәтижені көрсетті — 5 медаль және 3 Құрмет грамотасын жеңіп алды:

1-орын: Рамазан Бутантаев — 10 сынып, мамандандырылған IT-лицей, Маңғыстау облысы;

2-орын: Самир Сарбасов — 12 сынып, НЗМ, Астана қаласы;

3-орын: Тимур Кантаев — 11 сынып, «Арыстан» мамандандырылған мектебі, Алматы қаласы;

3-орын: Зере Серікова — 11 сынып, №9 «Зерде» мектебі, Астана қаласы;

3-орын: Темірлан Сейтбаттал — 11 сынып, БИЛ, Ақмола облысы.

Құрмет грамотасымен марапатталғандар:

Ислам Сипатталов — 10 сынып, БИЛ, Ақтөбе қаласы;

Шыңғыс Қарасаев — 11 сынып, НЗМ, Орал қаласы;

Арон Хасанов — 11 сынып, БИЛ, Атырау қаласы.

Лингвистикадан ҚР құрама командасының жаттықтырушысы — лингвистика және география пәндерінен халықаралық және республикалық олимпиадалар жеңімпазы, Эберхард және Карл атындағы Тюбинген университетінің 2-курс студенті — Аида Давлетова.

Қазір оқып жатыр

«Оземпик», «Мунджаро»: арықтататын препараттардың пайдасы мен қаупі қандай?

Оземпик

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесті

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесу

Алаяқтар енді eGov қызметкері ретінде хабарласа бастаған

алаяқтық

«75-тің хаты»: Қырғызстанда Қамшыбек Ташиевке шыққан үкім өзгертілді

Қамшыбек Ташиев