USD
USD
USD

Қазақстандық мұғалімдерге өз оқушыларына қосымша сабақ өткізуге тыйым салынуы мүмкін

Қазақстанда мұғалімдерге кейбір жағдайларда репетитор қызметін ұсынуға тыйым салынуы мүмкін. Оқу-ағарту министрлігі «Білім туралы» заңға репетиторлыққа қатысты түзетулер әзірлеп жатыр.

заң
Фото: magnific.com

Астана, NEGE. Бұл жөнінде брифингте министрлік басшысы Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді.

«Оқу-ағарту министрлігі "Білім туралы" заңға репетиторлық қызмет нарығына қатысты өзгерістерді әзірлеуді бастап кетті. Оның ішінде мұндай орталықтардың қызметі, салық салу мәселелері, сондай-ақ балалар мен ата-аналар алдындағы жауапкершілік қарастырылып жатыр», – деді министр.

Министрдің нақтылауынша, заңға өзгеріс енгізілсе, мұғалімдерге мектепте өзі сабақ беретін оқушыға қосымша ақылы сабақ өтуге тыйым салынбақ.

Айта кетейік, өткен жылы Tesla Education білім беру орталығына қатысты шыққан дау-дамайдан кейін Қазақстанда репетитор қызметіне қойылатын талаптарды күшейту жөнінде мәселе қайта қозғала бастады. 

ҰБТ-ға дайындық орталығының Астана мен Алматыдағы бөлімшелері кенет жабылып, мыңдаған жоғары сынып оқушылары қосымша білім алу мүмкіндігінен қағылды. Ал ата-аналар бір жылға созылатын курстар үшін миллион теңгеге дейін ақы төлегенін мәлімдеді. Алданып қалдық деген ата-аналар полиция мен прокуратураға шағымданды. Алматы қаласы Бостандық аудандық полиция басқармасында осы фактіге байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Бұл жайтқа қатысты компания өкілдері «ешқашан алаяқтықпен немесе қандай да бір пайдакүнемдік мүддемен әрекет етпегенін» айтып ақталды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда жұмыс берушілер жасөспірімдерді сақтандыруға міндеттелмек

жасөспірімдер жұмысы

Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: полиция қызметкеріне қатысты тергеу аяқталды

жол апаты

Екі жылға сотталған Жанабыловтар әлеуметтік желіге қайта оралды

.

Отбасы банк «Бәйтерекке» 100 млрд теңге дивиденд төлейді

Отбасы банк