USD
USD
USD

Қазақстандық мектептерде буллингке қарсы бағдарламаны іске асыру жалғасып жатыр

Оқу жылының басынан бастап еліміздің тоғыз өңірінде «ДосболLIKE» буллингке қарсы бағдарламасын апробациялау жалғасатын болады.

буллинг
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Оған 70 мыңға жуық оқушы және білім беру ұйымдарының 5 мыңнан астам қызметкері қатысады.

«Пилоттық бағдарламаны жүзеге асыру үшін аймақтарды таңдау кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен аутодеструктивті мінез-құлық көрсеткіштерін ескере отырып жүргізілді. Бағдарламаны апробациялау барысында пилоттық мектептердің барлық қызметкерлері үшін мектеп ұжымдарында даулы жағдайлардың туындауына әсер ететін себептер мен факторлардың алдын алу және анықтау бойынша оқыту ұйымдастырылатын және практикалық іс-шаралар өткізілетін болады. Сондай-ақ, «ДосболLIKE» бағдарламасын іске асырудың міндеттері мен әдістерін түсіндіру бойынша оқушылар мен ата-аналарға арналған түрлі іс-шаралар қарастырылған», - деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова. Айта кетейік, аталған жұмыс оқу жылының соңына дейін жалғасады, бұл бағдарламаның нәтижелілігін неғұрлым тиімді бағалауға және оны елдің білім беру ұйымдарында одан әрі енгізу үшін қажетті түзетулер енгізуге мүмкіндік береді.

Қазір оқып жатыр

Құлыбаевпен байланысты компанияның бір бөлігі аукционда 36 млн теңгеге сатылды

Құлыбаев

Қазақстанда бензин мен дизель отыны бағасы өсуі мүмкін

Бензин, дизель

Ер адам мемлекеттен үй алу үшін кезегін 30 жыл күткен

кілт

Ақылы жолдарда лазерлер орнатыла бастады: ол не үшін қажет?

Лазер