Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қазақстандық марафоншы Олимпиаданы 33-орынмен аяқтады

Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарының соңғы күні қазақстандық жеңіл атлет Жанна Мамажанова марафон жарысына шықты.

марафоншы
Фото: Владислав Семенов

Алматы, NEGE. Ол әйелдер арасында өткен марафонда белгіленген қашықтықты 02:30:51 уақыт көрсеткішімен бағындырып, мәреге 33-ші болып жетті.

Аталған жарыста Голландиялық жүгіруші Сифан Хассан алтын жүлдені жеңіп алды. Ол қашықтықты 2:22,55-те жүгіріп өтіп, Олимпиада рекордын орнатты. Күміс жүлдені эфиопиялық Тигс Ассефа жеңіп алса, қола жүлде кениялық Хеллен Онсандо Обириге бұйырды.

Жарысқа жалпы 91 спортшы қатысты. Бұл Жанна Мамажанованың екінші Олимпиада ойындары. Ол осыған дейін Токио-2020 Олимпиадасына да қатысқан еді.

Қазақстандық марафоншы биыл сәуірде Роттердамда (Нидерланд) өткен жарыста Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алған болатын.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан жаһандық көлік бағыттарының маңызды бөлігіне айналып келеді

логистика

Каспий теңізі бетін майлы дақ басты: экологтар не дейді?

Каспий

25 тамыздан бастап электросамокатпен тротуарда жүруге тыйым салынады

самокат

Стример әйел TikTok-тағы эфирден кейін психикалық ауруханаға жатқызылды

стример