Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қазақстандық Ксения Прозорова ауыр атлетикадан әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық Ксения Прозорова ауыр атлетикадан Лимада (Перу) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жетті.

Ксения Прозорова
Фото: IWF

Алматы, NEGE. Спортшы 59 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жарыста жеңіпмаз атанып, ел қоржынына алтын медаль салды.

Ксения қоссайыс қорытындысы бойынша 199 (91+108) келіні еңсерді. Екінші орынды өзбекстандық Маржона Абдумуталова иеленді — 190 (88+102) келі. Ал үшінші орын ресейлік Полина Павловичке бұйырды — 189 (85+104) келі.

73 келі салмақта Ернұр Мырзахметов қола медаль жеңіп алды. Сондай-ақ, жастар арасындағы жарыста 81 келіге дейінгі салмақта Ерасыл Сәулебеков те үшінші орынға ие болды.

Айта кетейік, бұған дейін 61 келі салмақта Бейбарыс Ерсейіт әлем чемпионатында бірінші орынды иеленген болатын.

Қазір оқып жатыр

Инклюзия: мүмкіндік тең болған жерде қоғам да өзгереді

«Ауыл» партиясы

Шымкентте Нұрайдың өліміне кінәлі деп танылған Шерхан Аймаханға үкім шықты

Шерхан мен Нұрай

Таиланд әуежайында жүкті иесіне ескертпей ашатын өзгеріс енгізілмек

Таиланд

«Сайлау-2026»: сарапшылар сайлаушылар белсенділігі мен теледебаттардың рөлін бағалады

kisi.kz