USD
USD
USD

Қазақстандық компания Еуроодақ санкциясына ілікті

Еуроодақ қазақстандық United Trading Group компаниясы мен оның директорын санкциялық тізімге енгізді.

Санкция
Фото: depositphotos.com

Астана, NEGE. Ұйым журналында жарияланған дерекке қарағанда, қазақстандық компания маңызды химиялық затты неміс компаниясынан сатып алып, оны ресейлік компанияларға жеткізген. 

United Trading Group компаниясы мен оның басшысы Әлімжан Беков санкция талаптарын айналып өтуге көмектесіп отыр деген күдікке ілініп отыр.

ЕО мәліметінше, немістің  UrSeCo Handels GmbH & Co. KG компаниясы Wacker Chemie AG өндіретін жоғары тазартылған хлорсутекті (HCl) Қазақстандағы United Trading Group компаниясына жеткізеді. HCl – жартылай өткізгіш пластиналарды өңдеуде маңызды химиялық зат. Ал United Trading Group өз кезегінде бұл химиялық затты Ресейдің «Сильтрон» және «Электронснаб» компанияларына жеткізеді. Жеткізу тізбегі Польша, Түркия және Қазақстан арқылы өтеді. «Сильтрон» ЖШҚ компаниясы UrSeCo Handels-пен тікелей байланысты, өйткені UrSeCo серіктестерінің бірі «Сильтрон» ЖШҚ-ның негізгі акционерінің әкесі болып келеді.

(ЕО) № 833/2014 регламентіне сәйкес, Еуроодақ операторларына Ресейдегі ұйымдарға HCl экспорттауға тыйым салынған. Осыған байланысты ЕО Әлімжан Беков (ЕО) № 833/2014 регламенті мен 2014/512/CFSP шешімінің талаптарын айналып өтуге жәрдемдесіп отыр деген байлам жасаған.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пара беруге уәде еткендерді де қылмыстық жауапқа тартуды көздейтін заңға қол қойды

Заң

Маңғыстау облысында жұмыссыздар саны артып барады: сарапшылар не дейді?

Маңғыстау облысы

AMANAT «Әділет» партиясына қосылады

.

Данияр Мейірханға қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылды – адвокат

Данияр Мейірхан