USD
USD
USD

Қазақстандық экспорттаушылар Сингапур нарығына шыға алады

Мәжіліс Қазақстан мен Сингапур арасындағы көрсетілетін қызметтер саудасы және инвестициялар туралы келісімді ратификациялады. Келісім 2023 жылғы 22 мамырда Астанада жасалған.

Мәжіліс
Фото: Мәжіліс

Алматы, NEGE. Келісімнің мақсаты – елдер арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту. Оны ратификациялау қазақстандық қызмет берушілерінің серіктес нарыққа қолжетімділігі үшін жағдай жасайды. Сонымен қатар Қазақстан капиталының қатысуымен кәсіпорындар құру, өзара инвестицияларды тарту және қорғауға бағытталған қосымша мүмкіндіктер қарастырылады.

Қазақстан мен Сингапур арасындағы көрсетілетін қызметтер саудасының көлемі 2023 жылы шамамен 10 млн АҚШ долларын құрады. Бұл ретте қазақстандық қызмет берушілер 3,5 млн АҚШ долларына, ал сингапурлықтар 6 млн АҚШ долларына қызмет көрсетті.

Соңғы 10 жылда Сингапурдың Қазақстанға салған тікелей инвестициясының жалпы көлемі 1,7 млрд АҚШ доллары.

Қазір оқып жатыр

ШҚО-да ұйымдасқан топ Қазақстан алтынын Ресейге мыс ретінде заңсыз тасымалдаған

алтын ұрлығы

Қоғамнан серіктестікке: проблемалар НЕГЕ азаймайды?

.

БҚО-да Махамбет Өтемісов атындағы университет ректоры ұсталды

Нұрлан Серғалиев

Qarmet автомобиль болаты өндірісін іске қосып, автопромды дамытпақ

Олжас Бектенов