USD
USD
USD

Қазақстандық қыздарды Ресейдегі дрон шығаратын зауытқа жұмысқа тартуда – БАҚ

Ozon қосымшасында Татарстандағы «Алабуга» арнайы экономикалық аймағына 16-дан 22 жасқа дейінгі қыздарды жұмысқа қабылдау туралы хабарландыру жарияланған.

Дрон
Фото: yandex.kz

Астана, NEGE. Бұл жөнінде Telegram-дағы Qumash арнасы жазды.

Қарапайым маманнан басшылық қызметтерге дейінгі бос жұмыс орындарына 100 мыңнан 126 мың рубльге дейін (шамамен 800 мың теңгедей) жалақы ұсынылған.

Бағдарлама «Алабуга Старт» деп аталады. Ашық деректерге сәйкес, бұл аймақ аумағында Украинадағы соғыста қолданылып жүрген «Герань» деп аталатын соққы беретін ұшқышсыз ұшу аппараттары шығарылады.

Вакансия мәтінінде AMANAT партиясы мен «Қазақмыс» компаниясы аталып, олар жұмысқа тартуды ұйымдастырғаны айтылған.

AMANAT-тан ресми жауап келді. Онда партия мен «Қазақмыстың» «бұл жобаға ешқандай қатысы жоқ» екені айтылған.

«Қазақмыс» корпорациясы да NEGE-ге Қазақстандық қыздарды Ресейде дрон шығаратын зауытқа жұмысқа тартуға еш қатысы жоқ екенін мәлімдеді

«Компания жарияланымда көрсетілген іс-әрекеттерге еш қатысы жоқ, мұндай жобаларға қатыспайды және сипатталған мақсатта қызметкерлерді тартпайды.

"Қазақмыс" корпорациясы тау-кен өндірісі және металлургия саласындағы өнеркәсіптік компания болып саналады және өз қызметін тек Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шегінде іске асырады», – делінген компания жауабында.

Корпорация өкілдері тұрғындарды сақ болуға шақырып, ақпаратты ресми дереккөздерден тексеруге кеңес береді.

Қазір оқып жатыр

Автошеру мен жалған келісімшарттар: Санжар Боқаевқа қандай айып тағылған?

бокаев

Екі пәтер, Camry көлігі, 1,2 млн теңге жалақы: еңбек министрі отбасының табысы туралы айтты

Асқарбек Ертаев

Mercedes-Benz көлігі, жан басына шаққандағы табысы 356 мың болатын отбасыға жәрдемақы берілмейді

Әлеуметтік төлемдер тақырыбындағы брифинг

Астанада телефонға елеңдеп, адам қағып кеткен автобус жүргізушісі 2 жылға сотталды

Автобус жүргізушісі