USD
USD
USD

Қазақстандық киберспортшы әлемнің үздік 20 ойыншысының қатарына енді

Халықаралық деңгейде кеңінен мойындалған HLTV рейтингі бойынша Даниил Голубенко әлемнің үздік 20 киберспортшысының қатарына енді.

даниил
Фото: instagram.com@danil.molodoy_

Астана, NEGE. Бұл туралы HLTV өзінің ресми Instagram парақшасында хабарлап, Даниилдің қатысуымен арнайы бейнеролик жариялады. Постта киберспортшының жетістігі аталып, оның кәсіби деңгейі жоғары бағаланды.

Жаңалықты естіген Голубенко аталған жарияланымды өз парақшасында бөлісіп, қолдау білдірген жандардың барлығына алғысын жеткізді.

«Біз ешқашан тоқтамаймыз. Маған сенім артқан командама, қолдап жүрген барша жанға үлкен рақмет», – деп жазды ол.

Айта кетейік, өткен жылдың қараша айында қазақстандық ойыншы Бразилияның FURIA командасы сапында өнер көрсетіп, IEM Chengdu 2025 турнирінің чемпионы атанған болатын. Сол жарыста Даниил үздік ойыншы деп танылып, халықаралық аренадағы беделін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Қазір оқып жатыр

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy

Каспийдегі сарбаздардың қазасы: әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы Қанат Ниязбеков қамауға алынды

Қанат Ниязбеков