26 Ақпан 10:55
...

Қазақстандық IT-өнім Кремний алқабындағы стартаптардың ондығына кірді

IT
Фото: ғаламтордан

TrustMe отандық финтех-стартапы халықаралық нарықта жұмыс ауқымын кеңейтті. Бұл туралы Үкімет отырысында стартап басшысы Шыңғыс Дәулетбаев айтып берді.

Алматы, NEGE. Бүгінгі таңда компания Hero Training бағдарламасы бойынша АҚШ-тың Кремний алқабындағы ең үздік 10 инновациялық стартаптың қатарына кірді және венчурлық алпауыт Тим Драперден инвестиция тартты.

IT-өнім цифрлық ортадағы сенімді нығайтуға және мемлекеттік органдар, бизнес және азаматтар арасындағы өзара іс-қимылдың ашықтығын арттыруға арналған. Ол бірнеше секунд ішінде SMS, мессенджерлер (WhatsApp, Telegram, eGov mobile) және биометриялық тексеру арқылы заңды маңызды шарттар жасауға мүмкіндік береді. Өз кезегінде қол қойылған құжаттар шифрланып, блокчейнде сақталады, бұл оларды қолдан жасауға жол бермейді.

Үш жыл ішінде TrustMe платформасын Қазақстанда 2 мыңнан астам компания, Өзбекстанда 200 компания және шетелде де пайдаланушылар таңдады. Қазірдің өзінде 1 млн-нан астам келісімшартқа қол қойылды, ал пайдаланушылар саны 850 мың адамнан асты. Жүйе қағазбастылықты азайтады және сот ісін жүргізудің жүктемесін қысқартады.

Компания Ресей, Түркия, АҚШ және Парсы шығанағы елдерінің нарығына шығуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ компания $1 млрд бағасымен алғашқы қазақстандық алпауыт атануға және Қазақстандық IT-стартаптарға көбірек инвестициялар тартуға ниетті.