Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қазақстандық IT-қызметтер экспорты $470 млн-нан асты

Қазақстан 2024 жылдың 9 айында $471 млн-ға IT-қызметтерді экспорттады. Бұл туралы Үкімет отырысы барысында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі хабарлады.

IT
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, бұл көрсеткіш 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26%-ға артық. Дегенмен, 2024 жылдың қорытындысы бойынша одан да жоғары сандар күтілуде.

Ведомствоның болжамы бойынша, IT-қызметтер экспортының сомасы шамамен $700 млн-ды құрауы мүмкін. Қазақстанның IT-экспортын ілгерілетуде Astana Hub басты рөл атқарады. Ондағы резиденттер саны 1,5 мың компаниядан асты, оның ішінде 400-і халықаралық компания. Олардың жалпы кірісі 2024 жылы 620 млрд теңгені құрады. Бұл ретте экспорттан түсетін табыс – 227 млрд теңге, яғни $479 млн.

Astana Hub резиденттерінің экспорттық географиясы 90-нан астам елді қамтиды. Astana Hub резиденттерінен басқа «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның GovTech өнімдері алғаш рет экспортқа шықты.

Мұндай шешімдердің қатарына Smart Data Ukimet, Smart Bridge жəне ИРБП веб-сайт құрастырушысы кіреді.

Қазір оқып жатыр

Инклюзия: мүмкіндік тең болған жерде қоғам да өзгереді

«Ауыл» партиясы

Шымкентте Нұрайдың өліміне кінәлі деп танылған Шерхан Аймаханға үкім шықты

Шерхан мен Нұрай

Таиланд әуежайында жүкті иесіне ескертпей ашатын өзгеріс енгізілмек

Таиланд

«Сайлау-2026»: сарапшылар сайлаушылар белсенділігі мен теледебаттардың рөлін бағалады

kisi.kz