USD
USD
USD

Қазақстандық хирургтар алғаш рет роботтың көмегімен асқазанға күрделі операция жасады

Қазақстанда алғаш рет роботтың көмегімен асқазанның бір бөлігін үлкен хирургиялық тілік жасамай-ақ алып тастау операциясы жүргізілді. Отаны Алматы онкология орталығының хирургтері жасады.

Робот көмегімен ота жасау сәті
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

Астана, NEGE. Бұл жөнінде Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Ота барысында хирургқа қажетті анатомиялық құрылымдарды неғұрлым айқын көруге мүмкіндік беретін ICG навигациясы қолданылған. Сондай-ақ өңірлік лимфа түйіндерін алып тастау үшін D2 лимфодиссекциясы жүргізілген.

Алматы онкология орталығы мамандары бұған дейін тоқ ішек пен тік ішекке, қуықасты безіне, бүйрек және жатыр денесі ауруларына роботтандырылған операциялар жасаған болатын.

Мамандардың түсіндіруінше, пациент үшін роботтандырылған технология үлкен хирургиялық тіліктің орнына шағын тесіктер арқылы күрделі операция жасауға мүмкіндік береді. Бұл операцияның жарақаттау деңгейін төмендетіп, пациенттің барынша тезірек сауығып кетуіне жағдай жасайды.

«Біз операциялық аймақты үлкейтілген үш өлшемді кескін арқылы көреміз, анатомиялық құрылымдарды егжей-тегжейлі зерттеп, қолжетімділігі қиын аймақтарда күрделі манипуляциялар жасай аламыз. Сонымен қатар жүйе хирург қолының табиғи микродірілін сүзгіден өткізеді», – дейді Алматы онкология орталығы онкохирургия бөлімшесінің меңгерушісі, PhD докторы Нұрлан Балтаев.

Министрлік ақпаратынша, орталықта жыл сайын үш мыңнан астам операция жасалса, оның 60 пайыздан астамы аз инвазивті әдіспен орындалады. Бірқатар жағдайда осы тәсілдің арқасында пациент операция жасалған күні-ақ орнынан тұрып, қозғала алады екен.

Қазір оқып жатыр

ENRC Ұлыбританияның қаржылық алаяқтыққа қарсы органымен бітімге келді

ENRC

Қазақстан «Теңізшевройлмен» келісімді ұзарту үшін $10 млрд талап етті

Теңізшевройл

Астанада әйелдің қазасынан кейін төрт бұрынғы полиция қызметкері ұсталды

ұрлық

ҚМГ: АИ-95 пен АИ-98 өндірісінде ақау анықталған жоқ

бензин экспорты