USD
USD
USD

Қазақстандық Higgsfield AI стартабы алаяқтық жасады деп айыпталды

Құны 1 миллиард доллардан асқан Қазақстандағы алғашқы AI-стартап –  Higgsfield-ке қатысты тергеу жүріп жатыр.

Higgsfield
Фото: openai.com

Астана, NEGE. IT-жобаларды хостингтеуге арналған ең ірі веб-сервистердің бірі – GitHub-та жарияланған материалға сүйенсек, компанияға пайдаланушыларды «шексіз» тарифтер арқылы жаңылыстырды, өзгелердің модельдерін жоғары үстемемен қайта сатты және жосықсыз ілгерілету тәсілдерін қолданды деген айыптар тағылған.

Тергеу дерегінше, компания battery деп аталатын жүйе арқылы қолжетімділікті біртіндеп шектеп отырған және белсенді қолданушылардың аккаунттарын жаппай бұғаттаған.

Сонымен қатар компанияға агрессивті маркетинг жүргізу, пікірлермен манипуляция жасау, Reddit пен Instagram желілерінде спам тарату, промо-науқандарға қатысқан авторларға уәде етілген сыйақыны төлемеу деректері бойынша да айыптар тағылған. Бұған қоса материалда танымал тұлғалардың бейнелерін пайдалану және даулы контент жариялау сияқты ықтимал этикалық заңбұзушылықтар туралы да айтылған.

Қазір оқып жатыр

Төрт жыл іздеуде болған қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы Түркиядан жеткізілді

The finiko

Таиланд қазақстандықтардың визасыз жүру мерзімін 30 күнге дейін қысқартты

Таиланд

Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің бірінші ракеткасы атанды

Елена Рыбакина

Шетелдік блогермен видеоға түскен полиция қызметкерлері жұмыстан шығарылды

.