USD
USD
USD

Қазақстандық гимнаст Словениядағы Challenge Cup турнирінде күміс жүлдегер атанды

Словенияның Копер қаласында өткен спорттық гимнастикадан Challenge Cup әлем кубогі кезеңінде қазақстандық спортшылар сынға түсті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Olympic.kz
Фото: Olympic.kz

Алматы, NEGE. Отандық гимнастар арасынан ең үздік нәтижені Диас Тойшыбек көрсетті. Ол тұтқалы ат снарядындағы жаттығудан 14,150 ұпаймен күміс жүлдегер атанды. Бұл бәсекеде алтынды украиналық Илья Ковтун (14.900), қоланы хорватиялық Матео Зугич иеленді.

Одан бөлек, құрама спортшылары төрт жаттығу бойынша финалға шықты. Оның ішінде Роман Маменов шығыршықтағы жаттығудан 6-орын алды. Сондай-ақ, ол қол тіреп секіруден 7-нәтиже көрсетті.

Диас Тойшыбек кермедегі жаттығу бойынша финалда өнер көрсетіп, алғашқы жетілікке енді.

Қазір оқып жатыр

«Азық-түлік жинаудың қажеті жоқ»: министр «цифрлық апокалипсис» туралы

Түлік

Павлодарлық «Ертіс» жеке инвесторларға берілді: жыл сайынғы инвестиция көлемі – 1,5 млрд теңге

 «Ертіс» ойыншылары

Өрт сөндірушілердің жолын бөгеген көлік иелеріне айыппұл салынады

Өрт сөнідуші

Ақкенженов: «ЖЭО-лар қысқы жүктемеге шыдайды»

Жылу электр орталығы