USD
USD
USD

Қазақстандық ғалымдар сүйекке арналған отандық импланттар әзірлеп жатыр

Қазақстандық ғалымдар тірек-қимыл аппараты аурулары мен жарақаттарын хирургиялық жолмен емдеуге арналған отандық медициналық импланттар әзірлеуде.

Имплант
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

Астана, NEGE. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, жобаға Ұлттық травматология және ортопедия ғылыми орталығы мен Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің мамандары қатысуда.

Жоба аясында дәрігерлер мен инженерлер компьютерлік модельдеу, материалтану және 3D-басып шығару технологияларын пайдаланып, бірнеше медициналық құрылғы жасап шығарған.

«Олардың қатарында омыртқа ауруларын емдеуге арналған трабекулярлы омыртқааралық кейдж, жамбас сүйегінің күрделі сынықтары мен коксартроз кезінде қолданылатын пластиналар, сондай-ақ бұғана сүйегін бекітетін және тобық үсті остеотомиясына арналған құрылғылар бар», – дейді ДСМ өкілдері.

Әзірлеушілер импланттардың сүйекке берік бекітілуіне және сүйек тінінің қалпына келуіне ықпал ететін биомеханикалық қасиеттеріне басымдық беріп отыр.

Құрылғыларды әзірлеу жобалаудан бастап клиникалық зерттеулерге дейінгі бірнеше кезеңді қамтиды. Орталықтың эксперименттік бөлімінде олардың қауіпсіздігі мен бактерияға қарсы қасиеттері де тексеріледі.

Бұдан бөлек, орталықта ірі буындарды эндопротездеуге арналған екі роботтандырылған хирургиялық жүйе жұмыс істейді. Олар пациенттің анатомиялық ерекшеліктерін ескере отырып, операцияны үш өлшемді форматта жоспарлауға мүмкіндік береді.

Қазір оқып жатыр

Мемлекеттен 350 млн теңге алып, өндіріс ашпаған: Астанада алаяқтық әшкереленді

Адам ұрлау

1,6 млрд теңгелік тендерді құжатсыз өткізбек болған шенеунік сөгіспен құтылды

Шенеунік

Қазақстаннан мұнай өнімдерінің кейбір түрлерін экспорттауға рұқсат берілмек

мұнай

Үлес көбейіп, қарыз қала ма? Шухрат Ибрагимов ERG-ден НЕГЕ енші алуда?

ERG