USD
USD
USD

Қазақстандық ғалымдар әзірлеген қатерлі ісікке қарсы препарат сынақтың екі бастапқы кезеңінен сәтті өтті

ҚР Ұлттық Ғылым академиясының вице-президенті, NU биология профессоры Дос Сарбасов қатерлі ісікке қарсы препаратты әзірлеу барысы туралы айтты.

Денсаулық сақтау министрлігі
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Дәрі-дәрмекті бірінші рет қабылдағаннан кейін он бес онкологиялық науқастың жағдайы тұрақтанды, олардың алтауында ісіктің өсуі тоқтады, ал біреуінде ол тіпті 30%-ға азайды. Қазіргі уақытта дәрігерлер препаратта уыттылықтың жоғы расталғаннан кейін оның дозасын арттырды.

«Біз қатерлі ісікке қарсы аппаратты 2022-2023 жылдары сынай бастадық, рұқсат құжаттарын алдық. Клиникалық сынақтың 1-ші және 2-ші кезеңдерін өткіздік. Қазір біз жоғары дозаны алуға қол жеткіздік. Сынақтар Қазақ онкология және радиология институтында өтуде. Біз глюкозаны сіңіретін рак клеткаларын жоямыз. Халықаралық патентіміз бар. Бақылау тобында болған 5 пациенттің жағдайын тұрақтандыруға әсер етті. Ісік өскен жоқ, бір науқаста ісік 30%-ға азайды. Істі соңына дейін жеткізіп, 2-3 жыл ішінде жобаны аяқтауымыз керек», — деді Дос Сарбасов.

Қазір оқып жатыр

ҚТЖ топ-менеджерлеріне 1 млрд теңгеден астам сыйақы төленген: компания басшысы мән-жайды түсіндірді

ҚТЖ

Депозиттен кредиттің проценті көп. KEGOC НЕГЕ қинала бастады?

KEGOC

Тоқаев Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің қызметін оң бағалады

Қасымбек, Тоқаев

Енді шетелдік дәрі-дәрмектер халыққа жылдам жеткізілмек

Дәріхана