Қазақстандық Forbes журналы ең бай 75 кәсіпкердің тізімін жариялады

Қазақстандағы ең бай 75 кәсіпкердің тізімі сәл «жасарып», байлығы айтарлықтай артқаны байқалады.
Алматы, NEGE. Миллиардерлердің ішінде ең көп табысқа қол жеткізген – Тимур Турлов. Оның байлығы бір жылда $2,6 млрд-қа өсіп, $3,3 млрд-тан биыл $5,8 млрд-қа жеткен.
Бұл көрсеткіш рейтинг тарихындағы жылдық өсім бойынша абсолюттік рекорд болып саналады және Тимур Турловтың көшбасшылар арасындағы орнын өзгертті – енді ол Forbes Қазақстан тізімінде бесінші емес, екінші орында тұр.
Бірінші орында бұрынғысынша Вячеслав Ким тұр. Оның да байлығы айтарлықтай өсіп, $1,3 млрд-қа артты – былтырғы $5,8 млрд-тан биылғы $7,1 млрд-қа жеткен.
Алайда өзгерістер тек миллиардерлер арасында ғана емес. Тек өткен жылы ғана аталмыш тізім топ-50-ден топ-75-ке дейін кеңейтілген болатын, ал биылдың өзінде-ақ өткен жылғы қатысушылардың бір бөлігі рейтингтен шығып қалды – себебі олар жаңадан кірген кәсіпкерлердің капитал көлемінен асып түсе алмады.
«Қазақстрой» компаниясының негізін қалаушы Нұрлан Артықбаев биылғы жылдың қаңтар айында ғана «Қазтелекомның» 9,9% үлесін сатып алды, бұл оның байлығын объективті түрде бағалауға мүмкіндік берді. Сондай-ақ кеңінен танымал Тұрсынғали Алагөзов былтыр ғана Galanz Bottlers компаниясын ресми түрде өз бақылауына қайтарды, ал биылғы ақпанда бұрынғы «Цесна» корпорациясының активтерін сатып алды.
Рейтингте үздік ондыққа төмендегілер енді:
-
Вячеслав Ким — $7,1 млрд
-
Тимур Турлов — $5,8 млрд
-
Владимир Ким — $5,7 млрд
-
Тимур Құлыбаев — $5,3 млрд
-
Динара Құлыбаева — $5,3 млрд
-
Болат Өтемұратов — $3,7 млрд
-
Ибрагимовтар отбасы — $2,06 млрд
-
Нұрлан Смағұлов — $990 млн
-
Сәрсеновтер отбасы — $980 млн
-
Айдын Рахымбаев — $967 млн
Толық тізіммен мына сілтемеге өтіп таныса аласыз.