USD
USD
USD

Қазақстандық фермерлерден астық сатып алу үшін Үкімет резервінен 10 млрд теңге бөлінеді

"Азық-түлік корпорациясы" арқылы Үкімет резервінен нарықта қолайлы бағаларды ұстап тұру үшін шаруалардан астық сатып алуға 10 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр. 

Бидай
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров 2024 жылғы 18 қарашада Мәжілісте айтқандай, бүгін астық сатып алу бағасы жарияланады.

Бірінші кезеңде шамамен 155 мың тонна сатып алынады.

"Ертең Үкімет отырысында қаралатын шығар, сатып алатын боламыз", – деді Айдарбек Сапаров.

Ол астық тасымалдау шығындарын субсидиялау ережелері қабылдау сатысында екенін айтты. Субсидияның бұл түрі астықты Қара теңіз, Балтық және Оңтүстік-Шығыс Азия порттарына тасымалдау шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.

"Біздің астық Еуропа мен Африка, Кавказ және басқа да перспективалы нарықтарда бәсекеге қабілетті болады. Ережелер жақын арада қабылданады деп күтіп отырмыз. Министрліктердің барлығы дерлік келісті, тек бірнешесі ғана қалды. Осы аптада мәселелердің барлығын шешеміз деп ойлаймын", – деді министр.

Қазір оқып жатыр

«Кітап оқитын ұлт» жобасына миллионнан астам қазақстандық қосылды

"Кітап оқитын ұлт" жобасы

Әр адамға кемінде 15 шаршы метр: Алматыда тіркеу бойынша жаңа шектеу енгізілді

тұрғын үйге тіркеу

25 қыркүйекте Қазақстан-Қытай шекарасындағы автокөлік өткізу бекеттері уақытша жабылады

Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу пункті

Тоқаев ОСК, Жоғары аудиторлық палата және Конституциялық сот төрағаларын қайта тағайындады

Әбдіров, Смайылов, Әзімова