USD
USD
USD

Қазақстандық екі боксшы жыл үздігі атанды

​World Boxing нұсқасы бойынша қазақстандық спортшылар Махмұд Сабырхан мен Наталья Богданова «Жылдың үздік боксшылары» атанды. Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

olympic.kz
Фото: olympic.kz

Астана, NEGE. World Boxing халықаралық федерациясы ұйымдастырған «Жылдың үздік боксшысы» атағына арналған дауыс беру аяқталды. Ерлер арасында бұл атаққа Махмұд Сабырхан лайық деп танылды. Ол жанкүйерлердің ең көп қолдауына ие болды.

Әйелдер арасындағы дауыс беру қорытындысы бойынша Наталья Богданова жыл үздігі атанды.

Сондай-ақ Астанада өткен Әлем кубогының ширек финалында Махмұд Сабырхан мен филиппиндік боксшы Аарон Джуд арасындағы кездесу «Жылдың ең үздік жекпе-жегі» деп танылды.

Айта кетейік, дауыс беру Instagram әлеуметтік желісі арқылы өтті. Әрбір «лүпіл» бір дауыс ретінде есептелді.

Қазір оқып жатыр

Полициядан қашқан жүргізуші автобуспен соқтығысып, қаза тапты

Қостанай ПД

«Ордабасы» ҚПЛ жеңімпазы атанды

Ордабасы

«Тентек» шахтасы кейінгі он жылда алғаш рет миллион тонна көмір өндірді

.

Qarmet пен Allur 500 жасты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр

Qarmet