2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Қазақстандық деректі фильм Нью-Йоркте беделді сыйлыққа ұсынылды

 Режиссер Алина Мустафинаның "Пряники для её отца, моего прадеда, её деда" деректі фильмі АҚШ-тағы ең көне әрі ең беделді кинофестиваль – 48-ші Asian American International Film Festival аясында "Деректі кино саласындағы перспективті режиссер" номинациясы бойынша үздіктер қатарына енді.

М
Фото: prp.kz

Алматы, NEGE. Картина мәдениет және ақпарат министрлігінің және Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілген.Биыл фестивальдің деректі кино бағдарламасында әлемнің түкпір-түкпірінен бар-жоғы 12 картина ғана ұсынылған.

"Пряники для её отца, моего прадеда, её деда" роуд-муви жанрында түсірілген фильм. Қазақстаннан үш буын әйел Польшаға, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан өз атасының қабіріне сапар шегеді. Фильмде түп-тамырын іздеу, жеке тұлғаны тану, ұрпақ сабақтастығы мен өткенге қайта оралу сияқты тақырыптар қозғалады.

Туынды Пусан халықаралық кинофестивалінде (Оңтүстік Корея) әлемдік премьерасы, Турин кинофестивалінде (Италия) еуропалық премьерасы өтті, Cinema Verite фестивалінде (Иран) "Үздік фильм" Гран-приін иеленді, "Бастау" фестивалінде (Қазақстан) "Үздік дебют" жүлдесін алды, сондай-ақ Bolzano Film Festival Bozen (Италия) және ORAI Festival (Абай, Қазақстан) арнайы көрсетілімдерінде көрсетілді.

Сонымен қатар, бұл фильм Қазақстандағы "Сыншылар таңдауы" сыйлығында "Үздік дебют" номинациясына ұсынылған алғашқы деректі жоба болды.

Айта кетейік, Asian American International Film Festival 2025 жылғы 31 шілде мен 10 тамыз аралығында Нью-Йоркте өтеді, ал марапаттау рәсімі 10 тамызда Манхэттенде ұйымдастырылады.

Қазір оқып жатыр

Каспий теңізінде суға кеткен екі сарбаздың денесі табылды: қаза болғандар саны 14-ке жетті

Каспий теңізіндегі іздестіру жұмысына қатысқан техникалар

Алматыда бұрын сотталғандар өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, 3 млн теңге бопсалаған

Күдіктілерді ұстау сәті

Қазақстан Халық кеңесі мүшелері қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына 815 млн теңге бермек

Сарбаздарды іздеуге шыққан кемелер

Әскери қызметшілердің қазасы: 30-дан астам адамнан жауап алынды, күдіктілер бар

Адам ұрлау