USD
USD
USD

Қазақстандық бітімгерлер Сириядан елге оралды

Әскери қызметкерлерді елорда әуежайынан Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов бастаған қарулы күш құрамы салтанатты түрде қарсы алды.  

Сирия
Фото: Ағыбай Аяпбергенов

Алматы, NEGE. «Бүгін Отан алдындағы борышын орындап елге оралған сарбаздарды қарсы алдық. Бітімгерлер адал да ерен еңбегімен жақын туысының ғана емес барша халықтың мақтанышы. Сіздерді бір жыл бұрын Бас қолбасшының командалық тапсырмасымен бітімгерлік миссияны орындауға жібердік. Қойылған міндетті мүлтіксіз орындап елге оралдыңыздар, әскери міндетті берік болған сіздерде алғыс айтамын», – деді Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов бітімгерлерді қарсы ала тұрып.

Еске салсақ, 2024 жылы наурызда Қазақстанның алғашқы ұлттық бітімгерлік контингенті (139 әскери қызметкер) БҰҰ миссиясы аясында Голан жоталарына жіберілді.

Әскери қызметшілер мобильді патрульдеу, бақылау бекеттерін күшейту, эвакуация және минасыздандыру жұмыстарын орындады.

Айта кетейік, Біріккен Ұлттар Ұйымы күштерінің бөлінуді бақылау миссиясының қолбасшылығы (СООННР - UNDOF) Голан биіктіктерінде ҚР Қарулы Күштерінің ұлттық бітімгершілік контингентін жеткізу және орналастыру қызметін жоғары бағалады.

Биыл ақпанда Сенат Қазақстанның бітімгерлеріне арналған өтемақыға қатысты заңды мақұлдады.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

DIFS

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

ұрлық

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Ақша

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті

Қыздар