USD
USD
USD

Қазақстандық боксшыларға Париждегі Олимпиада медальдары үшін берілетін сыйақы мөлшері белгілі болды

Қазақстан бокс федерациясы Париж Олимпиадасына жолдама алған боксшылар мен олардың жаттықтырушыларына арнап, ауызашар ұйымдастырды.

Қазақстан бокс федерациясы
Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Алматы, NEGE. Сондай-ақ, жақында Италияда өткен Әлемдік іріктеу турнирінде лицензия жеңіп алған боксшылар мен Ұлттық құраманың бапкерлер алқасы қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Боксшыларға 20 000 АҚШ долларынан табысталса, бас бапкер Мырзағали Айтжановқа 10 000 доллар берілді. Бұдан бөлек, Ұлттық құрамамыздың жаттықтырушылары да сыйақыға ие болды.

Сонымен қатар, жиында Париж Олимпиадасында жоғары нәтиже көрсеткен боксшыларға Қазақстан бокс федерациясы тарапынан берілетін сыйақы мөлшері де жарияланды:

1-орын: 220 000 $
2-орын: 120 000 $
3-орын: 70 000 $
4-орын: 30 000 $
5-орын: 10 000 $

Ал бас бапкер мен жаттықтырушылар алқасы орын алған боксшы сыйақысының 30 пайызына пара-пар қаржылай сыйақы алады.

Қазір оқып жатыр

Цифрлық даму министрлігі «Яндекстің» бес компаниясын тексермек

Яндекс

Алматыда сараптамадан өтпеген жол жобасына 202 млн теңге төленген

Жол жөндеу

Азиада алтынынан қағылған Ясмина Тоқсанбаеваға пәтер тарту етілді

Ясмина Тоқсанбаева

Тоқаев «күйсандық», «қылтима» сөздерінің қазақша аудармасына күмән келтірді

Тоқаев