USD
USD
USD

Қазақстандық боксшылар World Boxing өткізетін әлем чемпионатында өнер көрсетеді

26 қазанда 19 жастағы спортшылар арасындағы бокстан әлем чемпионаты басталады. Ол Пуэбло қаласында өтпек (АҚШ).

World Boxing
Фото: ҰОК

Алматы, NEGE. Қазақстандық команда Word Boxing Халықаралық федерациясы ұйымдастырушы болып саналатын әлем біріншілігінде алғаш рет өнер көрсетпек.

Барлығы әлем чемпионатында 30 елден 180 спортшы қатысып отыр. Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметінің мәліметінше, АҚШ-та Қазақстан намысын төрт боксшы қозғайды.

Жүлде үшін Ерасыл Аманғалиев (55 келіге дейінгі салмақта), Асылхан Көшербай (65 келіге дейінгі салмақта), Диас Серікұлы (70 келіге дейінгі салмақта), Даниял Райымбеков (85 келіге дейінгі салмақта) күреседі.

Еске салсақ, World Boxing – 2023 жылдың сәуір айында ашылған Халықаралық бокс федерациясы. Биылғы жылдың қыркүйек айында Қазақстан Word Boxing-ке кіруге өтінім берген.

Қазір оқып жатыр

«Бір басын шапсаң, үш басы өседі»: экономист «Самұрық-Қазынаны» айдаһарға теңеді

Самрұқ

Тоқаев «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына қатысты мәлімдеме жасайды

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Самұрық-Қазына» өкілдері басшысы ұсталғаннан кейін мәлімдеме жасады

«Самұрық-Қазына»

«Самұрық-Қазына» басшысының ұсталуы бұрын-соңды болмаған жағдай»: саясаттанушы

Данияр Әшімбаев