USD
USD
USD

Қазақстандық боксшылар әлем чемпионатының финалында кімдермен кездеседі?

 Англияның Ливерпуль қаласында World Boxing аясында өтіп жатқан әлем чемпионаты финалда бүгін, 14 қыркүйекте еліміздің атынан сегіз боксшы шаршы алаңға шығады. 

К
Фото: ҰОК

Алматы, NEGE. Еліміздің атынан ерлерде Санжар Тәшкенбай (50 келі), Махмұд Сабырхан (55 келі), Төрехан Сабырхан (70 келі) және Айбек Оралбай (90 келі) сынға түссе, әйелдерде Назым Қызайбай (48 келі), Алуа Балқыбекова (51 келі), Аида Әбікеева (65 келі) Наталья Богданова (70 келі) алтынға таласады.

Қазақстандық боксшылардың қатысуымен өтетін жекпе-жектер «Qazaqstan» телеарнасынан көрсетіледі. Жекпе-жектер Қазақстан уақытымен белгіленген.

16:00. Әйелдер. 48 келі. Назым Қызайбай — Минакши (Үндістан)
16:15. Ерлер. 50 келі. Санжар Ташкенбай — Баттулга Алдархишиг (Моңғолия)
16:45. Ерлер. 55 келі. Махмұд Сабырхан — Рафаэль Лосано Серрано (Испания)
22:00. Әйелдер. 51 кгелі Алуа Балқыбекова — Бусеназ Чакыроглу (Түркия)
22:30. Әйелдер. 65 келі. Аида Әбікеева — Навбахор Хамидова (Өзбекстан)
22:45. Ерлер. 70 келі. Төрехан Сабырхан — Севон Окадзава (Жапония)
23:00 Әйелдер. 70 кгелі Наталья Богданова — Лекейша Перголити (Австралия).
23:45 Ерлер. 90 келіден жоғары. Айбек Оралбай — Джахонгир Зокиров (Өзбекстан).

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

.

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

.

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

бақбақ

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін

кілт