Қазақстандық бес боксшы әлем чемпионатының 1/8 финалына өтті
11 наурызда Жасмин Қизатова (66 келі) әйелдер арасындағы әлем чемпионатының ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алматы, NEGE. Ол 1/8 финалда Кабо-Верде елінен келген Ивануса Перейрамен кездесті. Жекпе-жек барысында Жасмин еркін қимылдады. Қарсыласына дәл соққы беріп, ұпай санын молайтты. Төрешілер шешімімен 5:0 есебімен жеңіс қазақстандық боксшыға берілді.
Айта кетсек, бұдан бұрын Алуа Балқыбекова (50 келі), Виктория Графеева (60 келі), Аида Әбікеева (63 келі), Жайна Шекербекова (54 келі) ¼ финалға жолдама алды.
Енді ел құрамасынан Гүлсая Ержан (81 келі) тағы бір жолдаманы сарапқа салады.
Ал Елдана Тәліпова (81 келіден жоғары) 13 наурыз күні сербиялық Сара Милковичпен шаршы алаңға шығады.
Алдағы күндері Назым Қызайбай (48 келі), Карина Ибрагимова (57 келі), Наталья Богданова (70 келі), Надежда Рябец (75 келі) сынға түседі.
Ел құрамасынан Анита Адишева (52 келі) 1/16 финалда сүрінді.
Қазір оқып жатыр
Алматы, Шымкент, Түркістан және Ұлытау ЭКСЖ ұлттық жобасы бойынша артта қалды
Бозымбаев: Коммуналдық желілердің тозуын 2029 жылға дейін төмендетуіміз керек
Таразда 19 жастағы қызды алып қашқан Алматы облысының үш тұрғынына үкім шықты
Алматыда полицейлер жүзден астам автобусты айыппұл тұрағына алып кетті