USD
USD
USD

Қазақстандық банктің Ташкенттегі филиалынан 90 мың доллар ұрланды

Алаяқтар «Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамының еншілес Tenge Bank-тің Ташкенттегі филиалынан 90 мың доллар ұрлаған, деп хабарлады Kazinform.

Б
Фото: Өзбекстанның Ішкі істер министрлігі

Алматы, NEGE. Өзбекстан Ішкі істер министрлігінің мәліметіне сай, құқық қорғау органдарына ақша ұрлығы туралы арыз биыл маусым айында түскен. Тергеу барысында анықталғандай, алаяқтар POS-терминалға жалған деректерді енгізген, кейін банкке барып, 90 мың долларды қолма-қол алып кеткен.

Ішкі істер басқармасының қызметкерлері ақша ұрлады деген күдікпен 9 адамды ұстады. Қолға түскендердің бірі мұндай алаяқтық схеманы Telegram арналары арқылы тауып, оны толық зерттегенін айтты. Тиісінше, жоспарды іске асыру үшін олар банк қызметкерімен сөз байласып, оның көмегімен бағдарламаны жетілдіре түскен.

Минстрліктің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, ұсталғандардан 12 ұялы телефон, POS-терминал және 36,5 мың доллар тәркіленген.

Нақтылай кетейік, Өзбекстанда жұмыс істейтін Tenge Bank 100% «Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамының еншілес компаниясы саналады. Ол Ташкенттегі қызметін 2019 жылы бастаған.

Қазір оқып жатыр

Абай облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектескен лауазымды тұлғалар ұсталды

Жүргізуші куәлігі

30 маусымда қос Палатаның бірлескен қорытынды отырысы өтеді

Парламент

«Van Cleef алқасын, Dior сөмкесін пара ретінде алған»: Кореяның экс-бірінші ханымы тағы 7 жыл арқалады

Ким Кон Хи

Бейбіт Құсайынов: Қазақстанда екінші орын алсаң, «бірінші орын алдым» деп есептей беруге болады

Бейбіт Құсайынов