USD
USD
USD

Қазақстандық банктер мен микроқаржы ұйымдар қарызы бар адамдарды демалыс күндері орынсыз мазалай алмайды

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі әзірлеген қаулы жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

Колл орталық, хабарласу
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Жоспарланып отырған түзетулер мерзімі өткен несие берешегі туралы ескертіп отыратын банк қызметкерлерінің қарыз алушыға қоңырау шалу тәртібін реттейді. Қаулы жобасына сәйкес, қарыз алушыларға қоңырау шалу шектеледі. Құжатқа сәйкес, банктер мен микроқаржы ұйымдары борышкерлерге жұмыс күндері үш реттен артық, ал демалыс және мереке күндері екі реттен артық хабарласа алмайды.

Микроқаржы ұйымдары, банк қызметкерлері және коллекторлар аптасына үш рет қана қарыз алушылардың тұрғылықты мекен жайына баруына және микроқаржылық ұйымдар кеңсесінде кездесе алады. Кездесу күніне бір реттен жиі емес, уақыты сағат 8:00-ден 21:00-ге дейін шектеледі.

Борышкердің туыстары мен жақындарынан арыз алушының тек тұрғылықты жерін немесе байланыс телефоны туралы сұрауға болады. Олармен сөйлескен кезде қарыздың сомасы, сипаты немесе себептері туралы айтып, оларды жаңылыстыруға, сондай-ақ олардың ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіретін ақпаратты таратуға тыйым салынады.

Қазір оқып жатыр

Құрылтай сайлауына сайлаушылардың 74,19%-ы қатысты – ОСК

Құрылтай сайлауы

Албания Орталық сайлау комиссиясының өкілі: Келушілер қарасы мол

Құрылтай сайлауы

Маңғыстауда жаңа сайлау учаскелерінде дауыс беру белгіленген тәртіппен ұйымдастырылып жатыр

Балым

Ер адамдардың бір-бірін құшақтап, сүйіп амандасуы дұрыс емес – Тоқаев

жүріс-тұрыс әдебі