USD
USD
USD

Қазақстандық банктер 21 жасқа дейінгі азаматтарға төлем картасын берудің шарттарын өзгертті

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің жаңа қаулысына сәйкес, 18-21 жас аралығындағы қазақстандықтар төлем карталарын онлайн режимде рәсімдей алмайды. Құжат агенттіктің ресми сайтында жарияланды.

Балалар
Фото: Getty Images

Алматы, NEGE. Енді бұл қызметті тек банк бөлімшесіне барып, орындай алады. 

Төлем карталарын шығарумен қатар, банктерге 21 жасқа дейінгі жастармен «қашықтан іскерлік қатынастар орнатуға» да тыйым салынады.

Тағы бір өзгеріс 14 пен 18 жас аралығындағы қазақстандықтарға қатысты, енді кәмелекетке толмағандар банк қызметтерін онлайн пайдаланса, олардың операцияларын ата-аналары немесе басқа да заңды өкілдері міндетті түрде растауы қажет.

Агенттіктің мәліметінше, бұл шаралар клиенттерді алаяқтықтан қорғау мақсатында енгізілмек. Сонымен қатар агенттік банктерге клиенттермен қарым-қатынас аяқталғаннан кейін олардың биометриялық деректерін (фото және видео) кемінде бес жыл сақтауды міндеттейді.

Деректерді тиімді өңдеу және күмәнді операцияларды анықтау үшін банктер жасанды интеллект технологияларын қолдануға міндетті болады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты