USD
USD
USD

Қазақстандық әйел порнография үшін Қырғызстаннан бала сатып алған

Қазақстандық әйел Қырғызстанда бала саудасы ісі бойынша 12 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қылмыстық іс
Фото: freepik.com

Астана, NEGE. Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің мәліметінше, қазақстандық әйел мен оның сыбайласы Қырғызстан азаматына қатысты «Бала саудасы» бабы бойынша қылмыстық іс 2024 жылы қозғалып, күдіктілер қамауға алынған.

Тергеу материалдарына сәйкес, Қазақстан азаматы Израиль азаматымен келісімге келіп, Қырғызстан азаматынан ақшалай және басқа да мүлік түріндегі сыйақыға кәмелетке толмаған үш баланы сатып алған.

«Содан кейін оларды жалаңаштап, денесінің интимді бөлігіне басымдық беріп, ұятсыз және діни рәсімдер арқылы көрініс тапқан азғындық әркеттер жасаған, сонан соң суретке түсіріп, әлеуметтік мессенджерлер арқылы Қырғыз Республикасынан тыс жерде тұратын үшінші тұлғаларға жіберген», – делінген хабарламада.

Бұған қоса, ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, қылмыстық топ тағы бір Қырғызстан азаматынан кәмелетке толмаған екі баласына толық қамқорлық жасауға рұқсат алған. Ол балаларға да осыған ұқсас әрекеттер жасалған.

Қылмыстық істі қарау қорытындысы бойынша, 2026 жылғы 12 наурызда Бішкек қаласының Бірінші май аудандық соты айыпталушыларды кінәлі деп танып, мүліктерін тәркілей отырып, қазақстандық әйелді 12 жылға, ал оның сыбайласы Қырғыз Республикасының азаматын 11 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Қазір оқып жатыр

Полиция полковнигі Данияр Мейрхан қызметінен шеттетілді

Данияр Мейірхан

Оқу-ағарту министрі мұғалімдерге сүйінші жаңалық жеткізді

Жұлдыз Сүлейменова

Алматыда «Медеу» маңындағы 288 гектар жер мемлекетке қайтарылды

Медеу

Ақтөбе облысы әкімдігіндегі өрт: қылмыстық іс қозғалды

.