USD
USD
USD

Қазақстанда құрастырылған көліктер арзандай ма? Министр жауап берді

​Қазақстанда құрастырылатын автокөліктердің бағасы өткен жылмен салыстырғанда шамамен 11 пайызға арзандаған. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаевтың айтуынша, отандық зауыттарда шығарылатын көліктердің бағасы алдағы уақытта өспейді. Керісінше, қазір олардың арзандау үрдісі байқалады.

автокөлік өндірісі
Фото: primeminister.kz

Астана, NEGE. Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында журналистер өнеркәсіп және құрылыс министрінен Қазақстанда шығарылуы жоспарланған LiXiang, BYD және Changan маркалы қытайлық автокөліктердің бағасы мен сапасы шетелден әкелінетін дәл сондай көліктерден өзгеше бола ма деп сұрады.

Нағаспаевтың айтуынша, Қазақстанда құрастырылатын көліктердің бағасы төмендеп келеді.

«Бағаға қатысты айтарым: көліктер қымбаттамайды. Керісінше, бағаның төмендеу үрдісін байқап отырмын», – деді ол.

Министрдің айтуынша, елде өндірілген автокөліктердің бағасы өткен жылмен салыстырғанда шамамен 11 пайызға төмендеген.

Сондай-ақ, ол жыл соңында автосалондарда жеңілдіктердің көбеюі де заңды екенін атап өтті. Оның сөзінше, қараша-желтоқсан айларында тұтынушылар келесі жылдың модельдерін сатып алуға ұмтылатындықтан, сол жылы шығарылған көліктерге жеңілдіктер жасалады.

Сонымен қатар, министр былтыр Қазақстанда 171 мың автокөлік шығарылғанын мәлімдеді. Биыл өндіріс көлемін 191 мыңға жеткізу жоспарланып отыр. Алайда елдегі екі ірі автозауыт әзірге жобалық қуатына толық шықпаған.

Оның бірі – Қостанай облысындағы жылына 70 мың автокөлік шығаруға қауқарлы Kia зауыты. Екіншісі – Алматыдағы қытайлық брендтердің мультибрендтік зауыты. Оның өндірістік қуаты жылына 120 мың автокөлікті құрайды.

Қазір оқып жатыр

Цифрлық платформа істен шықса, такси жүргізушілері мен курьерлер табыссыз қалмауы керек – депутат

Такси

Қазақстанда келер жылы ветеринарлардың жалақысы кемінде 420 мың теңгеге дейін көтерілуі мүмкін

Ветеринар дәрігер

«Негізі жоқ ақпаратқа қалай пікір білдіремін?»: Ақкенженов Теңіз кен орны туралы

Ерлан Ақкенженов

Бектенов «Самұрық-Қазына» басшылығын ірі жобаларды кешіктіргені үшін сынға алды

.