Референдум Референдум
USD
USD
USD

Қазақстандық авторлардың аудиокітаптарын жасап, оларды түрлі платформалар орналастыру қажет — Олжас Бектенов

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов қазақстандық авторлардың аудиокітаптарын түрлі платформаларға орналастыру жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.

Үкімет отырысы
Фото: Үкімет

Алматы, NEGE. – « е-кітапхана» жүйесінде қазірдің өзінде классикадан бастап заманауи басылымдарға дейінгі кітаптарды оқуға мүмкіндік бар. Алдағы уақытта олардың санын көбейтіп, қолданыстағы платформалармен белсенді жұмыс істеу керек. Сонымен қатар қазіргі таңда аудиокітаптар өте танымал. Қазақстандық авторлардың аудиокітаптарын жасап, оларды түрлі платформаларға, оның ішінде әртүрлі тілдерде де орналастыру қажет. Осылайша біз әдебиетімізді өз елімізде ғана емес, одан тыс жерлерде де насихаттай аламыз», – деп атап өтті Премьер-министр.

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов креативті индустрияны дамыту қорын құруды тапсырды.

«Мәдениет және ақпарат министрлігі барлық мүдделі мемлекеттік органдармен бірге 1 шілдеге дейін Креативті индустрияны дамыту қорын құруы керек. Оның негізгі мақсаттары инвестиция тарту, жобаларды қаржыландыру, сондай-ақ отандық шығармашылық өнімдердің экспортына жәрдемдесу болуы тиіс», – деп атап өтті Олжас Бектенов.

Сондай-ақ Премьер-министр өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып, шығармашылық жобаларды мемлекеттік қолдаудың нақты шараларын енгізу қажеттігін атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

LRT

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Иэн Армитидж

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

Қарашығанақ кен орны

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты

Михал Лабенда