USD
USD
USD

Қазақстандық ауыр атлеттер Азия чемпионатының рекордын жаңартты

Қазақстан құрамасы ауыр атлетикадан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионатында тағы да медальдармен көзге түсті.

Ауыр атлетика
Фото: ҰОК

Алматы, NEGE. Барлық үш жүлдені де 79 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен жігіттер иеленді.

17 жасқа дейінгі атлеттер арасындағы жарыста Нұржан Жұмабай тұғырдың ең биік сатысына көтерілді. Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 315 келіні көтерді. Сонымен қатар серпе көтеруде Азия рекордын жаңартты - 175 келі. Ал, жұлқа көтеруде Нұржан 140 келіні бағындырды.

U20 санатындағы Азия чемпионатында Едіге Ембердіге тең келер ешкім болмады. Ол да серпе көтеруде құрлық рекордын жаңартты — 194 келі. Жұлқа көтеруде 153 келіні еңсерді. Қоссайыс нәтижесі бойынша 347 келіні бағындырып, алтын медаль жеңіп алды.

U20 жарысында екінші орынды қазақстандық Ақжол Құрманбек иеленді. Ол қоссайыста 343 (151+192) келі нәтижесін көрсетті.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан бокс федерациясы Азиададағы Сабырхан мен Богданованың нәтижесіне наразылық білдірді

Махмұд Сабырхан, Наталья Богданова

Қазаннан бастап Алматыда айып тұрағындағы әр күн үшін көлік иелерінен 21 мың теңге алынады

Айып тұрағындағы көліктер

Ақмола облысында сәбиін абайсызда қазаға ұшыратқан әйелге үкім шықты

баланың аяғы

Елдос Сметов ХХ жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Елдос Сметов