USD
USD
USD

Қазақстандық ауыр атлет Әлихан Әскербай әлем рекордын жаңартты

Ол 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ жарды. 

Жұлқа көтеру
Фото: ҰОК

Алматы, NEGE. Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Әлихан Әскербай Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында әлем рекордын жаңартып, алтын медальға ие болды, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.

Ол 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ жарды. Жұлқа көтеруде Әскербай үздік мүмкіндігінде 144 келіні еңсерді.

«Бұл көрсеткіш жасөспірімдер арасында жаңа әлем рекорды болып тіркелді. Әлихан өз рекордын өзі жаңартты. Сонымен қатар ол Азия және жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында рекорд жасады», - деп жазылған хабарламада.

Күміс жүлдені қытайлық Чен Синсин (143 келі) иеленсе, өзбекстандық Хаетбек Ерматов (131 келі) үшінші орынға табан тіреді.

Айта кетері, кейінірек серпе көтеруден сайыс басталады.

Еске сала кетейік, Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Бейбарыс Ерсейіт жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының екі дүркін жүлдегері атанды. 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен зілтемірші серпе көтеруде үшінші нәтиже көрсетті - 152 келі. Бұған дейін Ерсейіт жұлқа көтеруде күміс медаль жеңіп алған болатын.

Қазір оқып жатыр

«Уақтылы әрі парасатты үндеу»: Украина СІМ басшысы Тоқаевқа алғыс айтты

.

Кремль Тоқаевтың Украинадағы соғысты тоқтата тұру туралы ұсынысына жауап берді

.

Қазақстанда бір күнде үш орман өрті шықты

.

Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды

.