USD
USD
USD

Қазақстандық Анна Данилина Ролан Гарростың 1/8 финалына жолдама алды

Қазақстанның жұптық сындағы үздік теннисшісі, әлемнің 17-ракеткасы Анна Данилина Ролан Гаррос турнирінің үшінші айналымына өтті.

Анна Данилина
Фото: Olympic.kz

АЛМАТЫ, NEGE. Қазақстандық теннисші сербиялық серіктесі Александра Круничпен бірге жарыстың 10-нөмірлі жұбы – қытайлық Синью Янь мен тайбэйлік Фан У-ға қарсы ойнап, екі сетте де жеңіске жетті — 6:4, 6:3.

Ойын 1 сағат 21 минутқа созылды. Данилина – Крунич дуэті 8 брейк-пойнттың 5-еуін тиімді пайдаланды. Ал қарсыластар үш брейкпен ғана шектелді.

Анна Данилина мен Александра Круничтің 1/8 финалдағы қарсыластары кейінірек анықталады.

Сонымен қатар, тағы бір қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Сербияда өтіп жатқан ITF W35 Куршумлия-Баня турнирінің жартылай финалында Солтүстік Македония өкілі Лина Джёрческадан 2:6, 6:2, 3:6 есебімен жеңіліп, финалға өте алмады. Тартысты матч 2 сағат 17 минутқа созылды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Елена Рыбакина Ролан Гарроста турнир фаворитін жарыс жолынан тайдырған болатын. Ал Юлия Путинцева бұл турнирде әлемнің 6-ракеткасынан жеңіліп қалды.

Қазір оқып жатыр

Мәскеуден Алматыға бағыт алған SCAT ұшағы Астанаға шұғыл қонуға мәжбүр болды

SCAT шұғыл қонды

Астанада кішкентай бала көлікпен дәмханаға соғылды

Көлік апаты

Түркістанда ойын алаңында екі әйел төбелес шығарып, бірі дене жарақатын алды

Күдікті әйел

Шарын маңында қарақұйрыққа ұқсас бес жануардың ұшасы табылып, қылмыстық іс қозғалды

Инспекторлар, аңшылар және жануарлар ұшасы