USD
USD
USD

Қазақстандық 9 боксшы қыз Испаниядағы турнирдің финалына өтті

Ла Нусияда (Испания) өтіп жатқан Boxam Elite-2024 турнирінде Қазақстан әйелдер құрамасынан 9 боксшы ақтық сынға шықты. Бұл туралы Sports.kz хабарлады.

Бокс
Фото: prosports.kz

Алматы,NEGE. Турнирдің жартылай финалында Әйгерім Сатыбаева (48 келі), Назым Қызайбай (50 келі), Жазира Орақбаева (52 келі), Әнел Сақыш (54 келі), Мәдина Нұршаева (70 келі) және Гүлсая Ержан (75 келі) жеңіске жетті.

Қазақстандық боксшылардың жекпе-жек нәтижесі:

Әйгерім Сатыбаева (Қазақстан) - Клара Кортес Фернандес (Испания) - 4:1

Назым Қызайбай (Қазақстан) - Лаура Фуэртес Фернандес (Испания) - 5:0

Жазира Орақбаева (Қазақстан) - Ираче Валс дель Валле (Испания) - 5:0

Әнел Сақыш (Қазақстан) - Ханна Лакотар (Венгрия) - 4:1

Мадина Нұршаева (Қазақстан) - Лаора Капицци (Бельгия-1) - 5:0

Гүлсая Ержан (Қазақстан) - Аид Джордж (Тринидад және Тобаго) - 4:0.

Сондай-ақ финалда Қазақстаннан Аида Әбікеева (63 келі), Фариза Шолтай (81 келі) және Ләззат Күнгейбаева (+81 келі) өнер көрсетеді. Олар үшін бұл турнирдегі жалғыз жекпе-жек болмақ.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде дауылдан ағаштар құлап, бірнеше үйдің шатыры бүлінді

.

Қасым-Жомарт Тоқаев Саида Мирзиёеваны қабылдады

.

Қытайдағы жарыста Назым Қызайбай мен Виктория Графеева топ жарды

.

Ақтөбедегі қайғылы оқиға: АГҚС иесі уақытша ұстау изоляторына қамалды

.