USD
USD
USD

«Қазақстанды жылдамдығы жоғары және арзан интернетпен қамтамасыз етеміз» – Amazon компаниясының аға вице-президенті

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Amazon компаниясының аға вице-президенті, жаһандық және құқықтық мәселелер жөніндегі бас директоры Дэвид Запольски цифрландыру, байланыс және жасанды интеллект салаларындағы ынтымақтастықтың жай-жапсарын талқылады.

Ақорда
Фото: Ақорда

Алматы, NEGE. Қазақстан Президентінің Нью-Йоркке жұмыс сапары аясында «Қазақтелеком» және Amazon Kuiper компаниялары Kuiper спутник желісінің қызмет көрсетуіне қатысты дистрибьюторлық келісімге қол қойды.

– Көп рақмет, Президент мырза!

Сізбен кездесу біз үшін үлкен мәртебе. Бүкіл командамыз Сізбен кездескенімізге қуаныштымыз.

Еліңіздің Үкіметімен және «Қазақтелеком» компаниясымен осы келісімге қол жеткізу жолында еңбек еткен барлық азаматтарға алғыс айтамын. Сіздің цифрлық технологияларды енгізу бастамаңызды қуаттаймыз.

Бұл біздің Орталық Азиядағы алғашқы ірі және ең маңызды жобамыз. Мұны мақтан тұтамыз. «Қазақтелеком» компаниясымен бірге тұрғындарды жылдамдығы жоғары және арзан интернетпен қамтамасыз етеміз. Аталған жобаны ілгерілетуге ықыластымыз, – деді Дэвид Запольски.

Қазір оқып жатыр

Көкшетауда жүргізуші куәлігінсіз адам қағып кеткен әйелдің жазасы кейінге қалдырылды

со  үкімі

Ресейде Қазақстаннан жеткізілген көліктер үшін 1 млн рубльге дейін қосымша төлем талап етілуде

утильалым

Францияда аптап ыстықта көлікте қалған екі бала көз жұмды

Аптап ыстық

Бурабайдағы Көкшетау тауына шығуға уақытша тыйым салынды

Бурабай