USD
USD
USD

Жеңілдетілген автонесиеге қосымша қаржы бөлінбейді

Бұл туралы Сенаттағы парламенттік тыңдаудан кейін тілшілерге Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz

Жеңілдетілген автонесиеге қосымша қаржы бөлінбейді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Склярдың сөзінше, көлік алуға жеңілдетілген несие беру бағдарламасына тоқталсақ, 188 миллиард теңге револьверлік негізде осы жүйе бойынша игеріліп жатыр.

"Атап айтқанда, елімізде бұл бағдарламаға айтарлықтай сұраныс бар. Әзірге, салынған 188 млрд теңге жеткілікті деп санаймыз. Жақын арада айналымдағы осы қаражатқа қосымша ақша бөлінбейді. Себебі елімізде жүзеге асыратын басқа да маңызды міндеттер бар", - деді Роман Скляр.

Сонымен қатар, ол бұл бағдарлама аясында қаражат айналымда қалатынын айтты.

Бағдарлама тұрақты негізде іске асырылады. Бірақ оның аясында берілетін несие санына қатысты уәж айтылып жатқаны белгілі. Алдағы уақытта да револьверлік негізде қаржыландыру жалғасады, яғни осы айналымдағы қаражаты басқа мақсаттарға жұмсамаймыз", - деді Үкімет басшысының бірінші орынбасары.

Қазір оқып жатыр

«37 іс бойынша тергеп-тексеру басталды»: Қорғаныс министрлігін тексерудің аралық қорытындысы айтылды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті

100 млн теңге пара алғаны үшін бұрынғы шенеунік сотталды

Парақор шенеунік