Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

«Қазақстандағы жағдайды Ресей жіті бақылап отыр»

Ресейдің Сыртқы істер министрлігі «Қазақстандағы төтенше жағдайдың барысын жіті қадағалап отырмыз» деп мәлімдеді.

«Қазақстандағы жағдайды Ресей жіті бақылап отыр»
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ресейдің Сыртқы істер министрлігі «Қазақстандағы төтенше жағдайдың барысын жіті қадағалап отырмыз» деп мәлімдеді.

«Біз Қазақстандағы жағдайдың даму барысын жіті бақылап отырмыз. Зардап шеккен Ресей азаматтары туралы мәлімет жоқ», – деп хабарлады Ресей ведомствосы.

Бұған дейін Қазақстанның бірнеше өңірінде – Алматы қаласы, Маңғыстау және Алматы облыстарында төтенше жағдай енгізілген болатын. Халық сұйытылған газ бағасының күрт өсуіне наразылық білдірді. Қазақстан үкіметі отставкаға кетті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев болған жағдайға министрлер кабинеті де кінәлі екенін айтты.

Редакциядан: Елде қалыптасқан төтенше жағдайға байланысты Nege.kz редакциясы тараптарды мәселені бейбіт жолмен шешуге, қан төгуге жол бермеуге шақырады.  

Қазір оқып жатыр

Танымал қазақстандықтар Құрылтай сайлауының қарсаңында «Әділет» партиясына қолдау танытты

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі

Сот Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуін жәбірленуші мәртебесінде қалдырды

Әділет Зейнел

Журналист Гүлнар Бажкеноваға үкім шықты

Гүлнар Бажкенова

Марқұм Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуі жәбірленуші мәртебесінен бас тартпақ

Әділет Зейнел