USD
USD
USD

Қазақстандағы мәдени ескерткіштер Дүниежүзілік мұралар тізіміне қосылуы мүмкін

Өзбекстан, Қырғызстан,Тәжікстан және Қазақстан тарихи-мәдени ескерткіштерін Дүниежүзілік мұралар тізіміне кіргізу үшін бірлесіп әрекет етіп жатыр. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова айтты.

Қазақстандағы мәдени ескерткіштер Дүниежүзілік мұралар тізіміне қосылуы мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қазіргі уақытта Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан елдерімен бірлесіп, Қазақстанның бірегей тарихи және мәдени ескерткіштерін дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізу үшін «Ұлы Жібек жолы-Ферғана-Сырдария дәлізі» атты трансұлттық номинациясын ілгерілету бойынша номинациялық құжаттаманы дайындау жұмыстары жүріп жатыр», - деді министр орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Оның сөзіне қарағанда, аталмыш құжат қабылданса Қазақстан аумағындағы 6 ірі нысан осы тізімге қосылуы керек.

«Қазақстан аумағына Сауран, Жетіасар, Жанкент, Сығанақ, Отырар, Күлтөбе-Яссы сияқты обьектілер кіреді. «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» арнайы жобасы аясында да 20 іс-шара өтті», - деді Ақтоты Райымқұлова.

Қазір оқып жатыр

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Алатау қаласы

Түркияда қазақстандық әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

DHA

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Құрылтай сайлауы