USD
USD
USD

Қазақстандағы Ауғанстан елшілігінің ғимараты тәліптерге беріледі

Қазақстан Ауғанстанның жаңа әкімшілігі дипломаттарын аккредиттейтін болды. Бұл туралы БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифингіде ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты.

Қазақстандағы Ауғанстан елшілігінің ғимараты тәліптерге беріледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Ауғанстанның жаңа әкімшілігі бізге дипломаттарды аккредиттеу туралы өтініш жолдады. Біз оларды тіркеу жөнінде шешім қабылдадық. Айта кетейін, 2021 жылдың тамызында бұрынғы режим құлаған соң елде «билік вакуумы» пайда болды. Ауғанстан Ислам Республикасының шетелдегі елшіліктері бұл мемлекеттің атынан өкілдік етуін тоқтатты», - деді Айбек Смадияров.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ауғанстан мәселесі әлі де халықаралық қауымдастықтың қызу талқылауында болатынын атап өтті.

«Кеше Самарқан қаласында Ауғанстанмен көршілес елдердің кезекті кездесуі өтті. Біз Ауғанстанның біртұтас болғанын әрі көркейгенін қолдаймыз. Ауғанстанның жаңа әкімшілігі өкілдерінің бізге келуі – мойындау дегенді білдірмейді. Бұл мәселе БҰҰ-ның құзырында қалады», - деп атап өтті Айбек Смадияров.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе