USD
USD
USD

Қазақстандағы ақпарат құралдарының саны 407-ден 4,5 мыңға көбейді

Тәуелсіздік жылдарында елдегі ақпарат құралдарының саны 407-ден 4,5 мыңға көбейді. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева URKER-2021 ұлттық бәйгесінің марапаттау шарасында айтты.

Қазақстандағы ақпарат құралдарының саны 407-ден 4,5 мыңға көбейді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Осы сәтті пайдаланып журналистер қауымы мен барша ақпарат саласының мамандарын кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Ел тәуелсіздігінің 30 жылы ішінде мемлекетімізге өткен отандық медиа саласы да жаңару, даму кезеңінен өтті. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары елімізде тек 407 ақпарат құралы, соның ішінде екі телеарна ғана болса, қазір олардың саны 4,5 мыңнан асты. Бір ғана «Қазақстан» ұлттық арнасы бүгінде құрамына 5 республикалық, 14 өңірлік телеарна, 4 радио енетін үлкен ұлттық корпорацияға айналды», - деді министр.

Ведомство басшысы ақпарат құраладырыны санымен бірге сапасы да артқанын атады.

«Ұлттық медиа тарихында тұғыш рет балалар арнасы Balapan, спорт арнасы QazSport, көрермендерің көзайымы болып отырған Abai арнасы іске қосылды. Тәулік бойы ақпарат тарататын «Хабар-24», 10 миллионға жуық көрермені бар «Еларна», әлемнің 120-дан астам еліне хабар тарататын Qazaq.tv бар «Хабар» агенттігі – бүгін ең ірі медиаорталық. Жалпы ел аумағында қазіргі таңд 184 телеарна, 79 радио, 790 ақпараттық агенттік бар», - деді Аида Балаева.

Қазір оқып жатыр

Борышкерлердің шотында өмір сүруге жететін қаражат қалуы керек – депутат

Алмас Мұхаметов

Тоқаев «Лукойл» компаниясының негізін қалаушы Вагит Алекперовпен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев, Вагит Алекперов

Тіл жайлы сөзі үшін басы дауға қалған гидті полиция тексереді

Татьяна

Шұжықта не барын ДНҚ арқылы анықтайтын тест әзірленді

баға