USD
USD
USD

Қазақстандағы жалғыз арнайы психиатриялық аурухана тексеріледі

Денсаулық сақтау министрі Жіті бақыланатын мамандандырылған үлгідегі республикалық психиатриялық ауруханаға кешенді тексеру жүргізуді тапсырды. Бұған БАҚ пен әлеуметтік желілерде пациенттердің жағдайына қатысты жарияланған шағымдар себеп болған.

Денсаулық
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Тексеруді Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті жүргізеді. Мамандар медициналық құжаттарды, емдеу процесін, пациенттердің жағдайын, лауазымды тұлғалардың әрекеттерін және ем қабылдап жатқан азаматтардың құқықтарының сақталуын тексереді.

Тексеруге прокуратура органдары мен Адам құқықтары жөніндегі уәкіл де қатысады.

Министрліктің мәліметінше, тексеру қорытындысы бойынша барлық шағымға құқықтық баға беріледі. Заңбұзушылықтар анықталса, кінәлі адамдар жауапқа тартылады.

Бұл – Қазақстандағы осы бағытта жұмыс істейтін жалғыз мамандандырылған медициналық мекеме. Мұнда сот шешімімен медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары тағайындалған адамдар ем қабылдайды.

Министрліктің мәліметінше, мекемедегі пациенттердің 80%-дан астамы жеке адамға қарсы ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған. Ауруханада пациенттердің, медицина қызметкерлерінің және қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ерекше емдеу-қорғау режимі қолданылады.

Қазір оқып жатыр

Қытайға белшеден қарыз. Полипропилен НЕГЕ өзін ақтамай жатыр?

.

Оралда садақ атудан Қазақстан чемпионаты өтті

Садақ ату

Алматыда зейнеткерді алаяқтардан құтқарған курьер марапатталды

Курьер красавчик

ФСБ Павел Дуровқа халықаралық іздеу жариялады

Павел Дуров