USD
USD
USD

Қазақстандағы үшінші АЭС Қостанай облысында салынуы мүмкін

Қазақстан үшінші атом электр станциясын Қостанай облысында, Тобыл өзенінің жағасында салу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл жөнінде Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді.

АЭС
Фото: magnific.com

Астана, NEGE. Оның айтуынша, Қазақстанда Қытайдың CNNC компаниясымен бірлесіп үшінші атом электр станциясын салуға қолайлы бірнеше алаң зерттеліп жатыр.

«Кешенді тәсіл электр энергиясын тұтыну деңгейі өсіп келе жатқан өңірден ең оңтайлы алаңды таңдауды көздейді. Біз Шығыс Қазақстандағы Курчатов алаңын, Каспий теңізінің жағасы мен Батыс Қазақстандағы аумақты зерттеп жатырмыз. Сондай-ақ KEGOC жүйелік операторының ұсынысы бойынша Солтүстік Қазақстандағы Тобыл өзені бойындағы аумақты қарастырып жатырмыз», – деді кулуарда агенттік төрағасы Дүниежүзілік атом апталығы аясында.

Сәтқалиев Тобыл өзенінің жағасындағы аумақ болашақ атом реакторларын салқындатуға қажетті су көлемін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Айта кетейік, Балқаш жағалауындағы Үлкен ауылында салынатын алғашқы атом электр станциясының құрылысы 2027 жылы басталмақ. 

Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясы жобасына салынатын инвестицияның жалпы көлемі шамамен 16,4 миллиард доллар болады. Қазақстанның Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, бұл қаражаттың 14,4 миллиард доллары тікелей энергия блоктарын салуға жұмсалса, шамамен 2 миллиард доллары инфрақұрылымды дамытуға, қауіпсіздік жүйелерін жетілдіруге және кепілдік кезеңінде станцияны ядролық отынмен қамтамасыз етуге бағытталады.

Биыл қыркүйекте Владивосток қаласында «Росатом» компаниясымен Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясын жобалау, жабдықтау және салу жөніндегі келісімшартқа қол қойылды.

Күні кеше агенттік төрағасы Үлкен ауылында 33 мың тұрғынға арналған атомшылар қалашығы бой көтеретінін айтты. Осылайша, Үлкенді Балқаш жағалауындағы ең озық елді мекендердің біріне айналдыру жоспарланған.

Екінші атом электр станциясы да Балқаш аумағына орналастырылмақ, бірақ нақты қай жерге салынатыны әлі белгісіз, әзірге үш учаске қарастырылып жатыр.

Бұл жобаның шартты атауы әзірге «Мойынқұм» атом электр станциясы деп алынған.

Қазір оқып жатыр

Forbes Kazakhstan сайтына хакерлік шабуыл жасалып жатыр

Арманжан Байтасов

Ақтөбеде генерал-майор мен подполковник сыбайлас жемқорлық күдігімен ұсталды деген ақпарат тарады

Тимур Еспағамбетов

Президент 24 қарашаға дейін ұлттық компаниялардағы жемқорлықпен күрес жөнінде ұсыныс беруді тапсырды

Қауіпсіздік кеңесінің отырысы

Тоқаев Жақыпов пен Отыншиевтің ұсталуы туралы не деді?

Қасым-Жомарт Тоқаев