USD
USD
USD

Қазақстандағы күзет ұйымдарының қолында 22 мыңнан астам қару бар

Мәжілісте күзет қызметін жетілдіруге арналған заң жобасы бірінші оқылымда талқыланып жатыр.

Күзет
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Құжатты таныстырған депутат Жарқынбек Амантайұлы елдегі күзет ұйымдарының қолындағы қару-жарақтың айналымы қалай қадағаланып отырғанын айтты.

«Қолымыздағы мәлімет бойынша, елімізде 4300-дей күзет ұйымы бар. Оның 1600-дейінің қару сатып алуға, қолдануға лицензиясы бар. Олардың қолында 22 мыңнан астам қару бар дейтін есеп бар. Қазіргі таңда 1186 күзет ұйымы жұмысын тоқтатып тұрған болса, олардың қолында 930-дай қару бар. Осы 1186 ұйымның ішінде 140-қа жуығында ғана қару сатып алуға, қолдануға рұқсаты бар», – деді ол.

Оның сөзінше, қолданыстағы заң ол ұйымдарды қолдағы қаруын қайтаруға міндеттемейді.

«Мына заң қабылданса, оларды бақылауға алу, қаруын Ішкі істер министрлігінің өкілдіктеріне өткізу жолға қойылады», – деді депутат.

Қазір оқып жатыр

Temu-дың табысы төмендеп барады – сарапшылар

Temu

Ақмола облысында 20 гектардан астам аумақ өртке оранды

Ақмола облысы

Қазақстанда бөлшек кредит нарығының өсімі баяулаған

Тұрғын үй

Астанада мұнаралы кран құлап, краншы қаза тапты

Кран