USD
USD
USD

Қазақстандағы құрылыс материалдарының ішкі нарықтағы үлесі 70%-дан асты

Құрылыс саласының жалпы ішкі өнімдегі (ЖІӨ) үлесі 6%-ға тең. Алғашқы жартыжылдықтың қорытындысы бойынша, елдегі құрылыс жұмыстарының көлемі  4,1 трлн теңгеге жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,2%-ға жоғары.

Құрылыс
Фото: freepik.com

Астана, NEGE. Ал 2025 жылы көрсеткіш 10,7 трлн теңгеге жетіп, 2024 жылмен салыстырғанда 17,5%-ға өскен.

«Бұл нәтижеге ауқымды инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылуы, тұрғын үй құрылысының қарқынды дамуы және инвестициялық белсенділіктің артуы арқасында қол жеткізілді», – делінген Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі хабарламасында.

Бұл ретте министрлік өкілдері отандық құрылыс материалдары өндірісі де жүйелі түрде жолға қойылып келе жатқанын атап өтеді. Ішкі нарықтағы қазақстандық өндірушілердің үлесі 70%-дан асады, ал нарық сұранысын 3 мыңнан астам кәсіпорын қамтамасыз етеді.

2026 жылы жалпы құны 202,2 млрд теңге болатын 48 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Бұл 3,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орнының ашылуына мүмкіндік бермек.

Жалпы құрылыс саласында елімізде 380 мыңнан астам маман еңбек етеді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері бір жылда 13,5% азайған

Пәтер кілті

Қазақстандықтар Қытай, Үндістан және бірнеше елде QR-кодпен төлем жасау мүмкіндігіне ие болмақ

QR-код

Қоғам белсендісі Санжар Боқаевтың ісі сотқа жетті

Санжар Боқаев

Астанада бір донор бірден үш науқасқа өмір сыйлады

Донор мен дәрігерлер