USD
USD
USD

Қазақстандағы көмір қоры 300 жылға жетеді – Энергетика министрлігі

Қазақстандағы көмір қорының көлемі 33 млрд тоннадан асады. Бұл жөнінде энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Үкімет отырысында мәлімдеді.

Көмір
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Ақкенженовтің мәлімдеуінше, Қазақстан көмір кені бойынша әлемде 10-орында тұр, бұл қазіргі өндіру көлемін ескергенде 300 жылдан астам уақытқа жетеді.

«Ірі көмір кен орындары Орталық Қазақстанның екі негізгі аймағында орналасқан. Олар – Қарағанды көмір бассейні мен Торғай көмір бассейніндегі Шұбаркөл және Жалын кен орындары. Солтүстік-шығыс аймақта Екібастұз көмір бассейні, Майкүбі көмір бассейні, Қаражыра кен орны бар. Еліміздегі көмір қорының көлемі – 33,6 млрд тонна», – деді Ерлан Ақкенженов.

Министрдің айтуынша, 2025 жылдың қорытындысы бойынша шамамен 115,9 млн тонна көмір өндірілді, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 7%-ға көп. Ал 2026 жылы елімізде көмір өндіру көлемі 128,9 млн тонна болады деп жоспарланып отыр.

«Өндірілетін көмірдің негізгі бөлігі ішкі нарыққа жіберіледі, ол электр энергетикасында, коммуналдық-тұрмыстық секторда және өнеркәсіпте қолданылады. Көмір экспортының да деңгейі сақталып отыр», – деді энергетика министрі.

Сондай-ақ, сала басшысы көмір өнеркәсібінде 32 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылғанын атап өтті.

 

Қазір оқып жатыр

Шымкентте дрон заңсыз қоқыс төккен КамАЗ жүргізушісін әшкереледі

белгіленбеген орынға қоқыс төккен

ДСМ телеарналар мен әлеуметтік желілерде фастфуд жарнамасын шектеуді ұсынды

жарнама

Әділет министрлігі NCOC-тан 2,3 трлн теңге өндіріп алу неге уақытша тоқтатылғанын түсіндірді

Әділет министрлігі

Павлодарда шиномонтаж қызметкері дөңгелек жарылғаннан кейін қаза тапты

Шиномонтаж